Экономика

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 200 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 200 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Түркістан облысында жыл басынан бері 192,4 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген мәлімдеді.

«Облыстың жалпы жер қоры 11 млн 610,3 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 8 млн 822,7 мың гектары – жайылымдық жерлер. Ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу бағытында 2022-2025 жылдары 39 конкурс өткізіліп, жалпы көлемі 405,7 мың гектар аумақ тұрғындарға жалдау құқығымен берілді. Оның 23,3 мың гектары - егістік, 382,4 мың гектары - жайылымдық жерлер. Ал биыл 140 мың гектар жерді айналымға енгізу жоспарланып, қазіргі таңда 82 мың гектары конкурс арқылы берілді. Қалған 58 мың гектарды жыл соңына дейін айналымға енгізу көзделген. Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің 165,6 мың гектары ауылдық округтерге қоғамдық жайылым ретінде тұрақты пайдалануға бекітілді. Сонымен қатар, пайдаланылмай жатқан және заң талаптарын бұза отырып игерілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде. Аталған жерлерді адал жер пайдаланушыларға конкурс негізінде қайта беру көзделіп отыр. Бұдан бөлек, жер пайдалану құқығын жалғастыру, инвестиция тарту, салық төлеуді қамтамасыз ету және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері бойынша арнайы комиссия жұмыс істейді. 2025-2026 жылдары комиссияның 6 отырысы өткізіліп, жалпы көлемі 35,1 мың гектарды құрайтын 279 жер теліміне қатысты құжаттары қаралды» - деді басқарма басшысы.

Фото 1

1 / 2